22.11.2024

Әуежай аумағында жердегі қызмет көрсету қызметтерінің бір бөлігін көрсету үшін өнім берушіні іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ әуежай аумағында жердегі қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге қол жеткізу бойынша, атап айтқанда жүк терминалында жиырма төрт сағаттан астам жүкті сақтау қызметі туралы конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы «02» қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген әуежайларда жердегі қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Лот бойынша конкурстық құжаттама пакетін 2025 жылдың «21» қантардың дейінгі мерзімде, қоса алғанда, Қарағанды қ., «Сары-Арқа» әуежайы, Маркетинг және Коммерция бөлімі, 3 қабат, сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін немесе әуежайдың Интернет-ресурсында алуға болады http://www.kgf.aero/ru.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылдың «22» қантардың 13 сағат 00 минутқа дейін

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия 2025 жылдың «22» қантардың сағат 15: 00-де келесі мекенжай бойынша ашады: Қарағанды қ., «Сары-Арқа» әуежайы, 3 қабат, Конференц-зал.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған сенімхатты ұсына отырып, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпаратты 8 (7212) 42 85 91 тел.арқылы алуға болады.

Конкурсная документация

Приложение 1 Техническая спецификация

Приложение 2 Критерии оценки

Приложение 3 Компенсационный платеж

Приложение 4 Типовой договор

Приложение 5 Заявление

Приложение 6 Перечень спец.техники