Тыйым салынған препараттардың тізбесі
Жолаушылардың жеке қауіпсіздігі мақсатында авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдындағы тексеруді жүргізеді. Жолаушыларды олардың қол жүгі мен багажын тексеру рәсімі міндетті. Ұшу алдындағы тексеруден өтуден бас тартқан кезде жолаушы ұшуға жіберілмейді. Жолаушыларды, олардың қол жүгі мен багажын тексеру билеттер тіркелгеннен кейін, халықаралық рейстердің жолаушыларын тексеру - жолаушылар кедендік және шекаралық бақылаудан өткеннен кейін жүргізіледі.
Жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүктерді тексеру әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды анықтауға арналған арнайы техникалық құралдармен жүзеге асырылады. Еліміздің барлық әуежайлары белгіленген талаптарға сәйкес келетін, иондаушы сәулеленуге сертификаттаудан өткен және тиісті сәулелену нормаларынан аспайтын заманауи техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған.
Авиациялық қауіпсіздікке байланысты қол жүгі және багаж жүгі үшін шектеулер бар. Тексеру кезінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар жолаушының қол жүгінде (багажында) табылған болса, алып жүруші адамдарға берілуі немесе уақытша сақтауға қабылдануы мүмкін. Сығылған газдар, улы және тез тұтанатын сұйықтықтар сақтауға қабылданбайды.
Қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар: кез келген түрдегі қару және оған еліктейтін заттар; шаншу-кесу заттары; соққы-ұсақтау әрекетінің құралдары; жұмыс құралдары; магниттік материалдар; шок әсер ететін құрылғылар; радиоактивті заттар; улы заттар; сығылған және сұйытылған газдар; тез тұтанатын заттар; жанғыш қатты заттар; коррозиялық заттар; жарылғыш заттар және олармен толтырылған заттар; қаптамада қауіпті жүк белгісі бар заттар; зауыттық қаптамасы, тиісті техникалық паспорты мен сертификаты жоқ құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтар, сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі сұйықтықтар.
Тасымалдау бойынша ерекшеліктер дәрілік препараттар, балалар тағамы және ұшу уақытына қажетті мөлшердегі арнайы диеталық қажеттіліктерге ие, сондай-ақ әуежайда немесе әуе кемесінің бортында бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған, сенімді мөрленген пластик пакетке оралған сұйықтықтар, әуежайлық сауда дүкендерінде немесе сапар күні әуе кемесінің бортында бажсыз сатып алу жүргізілгені туралы сенімді растамасы бар, ұшу кезінде пакеттің мазмұнына қол жеткізуді визуалды сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.